Жаңалықтар

Қарабұтақ-Қостанай тасжолында 4 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Қарабұтақ-Қостанай тасжолында 4 адам қаза тапты

24 тамызда Қарабұтақ - Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгісін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.