Жаңалықтар

Алматыда қойма өртенді

ашық дереккөзі

Алматыда қойма өртенді

Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 25 тамыз түнгі сағат 01:36 шамасында Жетісу ауданы Сүйінбай даңғылы, 55 мекенжайында қойма өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Аумағы 295 шаршы метр ангар типті қойма ашық жалынмен жанды. «Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өртті жоюға өрттің бүкіл периметрі бойынша оқпандардың біркелкі берілуі ықпал етті. Өрт түнгі сағат 02:21 минутта оқшауланып, 04:40 минутта толығымен жойылды. Қазір құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасуда.