Жаңалықтар

Шымкентте 6 жасар қызын зорлады деген күдікпен өгей әке ұсталды

ашық дереккөзі

Шымкентте 6 жасар қызын зорлады деген күдікпен өгей әке ұсталды

Шымкентте 44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. Инсайдерлік дереккөздің хабарлауынша, оқиға 21 тамызда болған, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына тек ертеңіне айтқан көрінеді. Себебі әйел денсаулығына байланысты ауруханада болған екен. Сұмдық жайтты естіген келіншек дереу полицияға шағым түсірген. Полицейлер дереу жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстаған. Ер адамның пәтерінен 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелер табылған. Қазіргі таңда жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.