Жаңалықтар

Алғаш рет қазақстандық университет ICAI мүшелігіне қосылды

ашық дереккөзі

Алғаш рет қазақстандық университет ICAI мүшелігіне қосылды

Maqsut Narikbayev University (MNU) маңызды қадам жасап, International Center for Academic Integrity (ICAI) – Халықаралық академиялық адалдық орталығының мүшелігіне өткен Қазақстандағы алғашқы университет атанды. Бұл қадам MNU-дің жоғары білім берудегі Академиялық адалдық пен этиканың ең жоғары стандарттарын сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді. ICAI мүшелігі Maqsut Narikbayev University-ге әлемдік аренада академиялық адалдықты ілгерілету мақсатымен ортақтасатын білім беру мекемелерінің жаһандық қауымдастығымен ынтымақтасу үшін бірегей мүмкіндіктер ашады. Бұл мүшелік университеттің академиялық ортадағы плагиатқа, алаяқтыққа және білім беру саласында жол берілмейтін этикалық әрекеттерге қарсы күрестегі шешуші ұстанымын көрсетеді. Maqsut Narikbayev University Орталықтың барлық ресурстарына, соның ішінде материалдарға, онлайн курстарға, ICAI ұйымдастыратын іс-шаралар мен конференцияларға қатысу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ Mac-Cabe Survey көмегімен студенттер мен оқытушыларға сауалнама жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізетінін атап өткен жөн.