Жаңалықтар

Қостанай облысында 43 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

ашық дереккөзі

Қостанай облысында 43 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының XXXV есеп беру-сайлау конференциясы өтіп,  оған партия хатшысы Руслан Әлішев, Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен жастар қанатының өкілдері қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Қостанай облысының 4 қалалық және 17 аудандық филиалдарының Саяси кеңестерінің құрамына 259 адам кірді. Кеңестер құрамы 65% - ға қайта жаңарды. Оның ішінде, әйелдер - 45%-ды, жастар - 31%-ды құрады. Солай бола тұра, мол тәжірибесі бар партия мүшелері Саяси кеңестердің құрамында қалды. Партия Хатшысы Руслан Әлішев Саяси кеңестердің жаңа мүшелерімен кездесу барысында «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.  «Бүгінде Үкімет пен әкімдердің халық тұрмысын жақсарту бойынша атқарып жатқан жұмысының барлығы біздің партиялық бағдарламамызда қамтылғанын әрбір сайлаушыға жеткізу үшін партия мүшелері жұмыс істеуі қажет. Үкімет пен әкімдердің өздерінің сайлауалды бағдарламалары жоқ, олар «AMANAT» партиясының бағдарламасын және Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырады. Бүгінде елімізде салынып немесе жөнделіп жатқан әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешені, фельдшерлік-акушерлік пункт, мектеп, жол – «AMANAT» партиясы атқарған жұмыстың нақты нәтижесі., - деді Еркін Әбіл. Партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Бибігүл Аққұжина партияның 2022-2023 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Осы күні партия Хатшысы Руслан Әлішев Рудный қаласында жылу желілерін  қайта жаңарту жұмысымен танысып, партиялық бақылау бекеттері мен Саяси кеңестің жаңа сайланған мүшелерінің өңірдегі құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуын бақылау жөніндегі қызметіне ерекше назар аударды. Одан кейін аманаттықтар БПҰ басшылары және өкілдерімен кездесуде партияның сайлауалды міндеттерін жүзеге асыру бойынша бастауыш ұйымдардың жұмысы мен әдістерін талқылады.