Елімізде мектепке дейінгі қанша ұйым бар?

24 тамыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Елімізде мектепке дейінгі қанша ұйым бар? Өткен жылы елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 11 104 бірлікті құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% артық (2021 – 10 871бірлік), деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Олардың ішінде: 4638 – қалалық жерде (+237) 6466 – ауылдық жерде (-4) Меншік нысаны бойынша оның 5 681 – мемлекеттік (51,2%), 5423 – жеке меншікте (48,8%). 2021 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 233 бірлікке өскен. Бұл ретте қалалық жерлерде олардың саны 237 бірлікке артса, ауылдық жерлерде керісінше 4 бірлікке азайған.
«Мектепке дейінгі ұйымдар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1369 бірлік. Алғашқы үштікке Алматы облысы – 1142 және Алматы қаласы – 899 кірді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің көлемі 182,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% көп (2021 жылғы 1-тоқсанда – 150,6 млрд теңге).