Жаңалықтар

Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

ашық дереккөзі

Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.