Жаңалықтар

Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

ашық дереккөзі

Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады

Танымал рок әнші Земфира өткен аптада Алматы мен Астанада концерт өткізді. Кейін өнер иесі әлеуметтік желіде концерттің ұйымдастыру деңгейіне көңілі толмағанын жеткізді. Жазбасында әнші Қазақстанды кіші әріппен жазып, басы дауға қалған, деп хабарлады turkystan.kz. Әнші осыдан кейін асығыс жазғанын түсіндіріп, кешірім сұрады. «ҚАЗАҚСТАН, сіздерді ренжітейін деген ойым болған жоқ! Тыныс белгілерін елемей, тез әрі қысқа жаздым. Кешірім сұраймын. Негізінде, менің тамаша аудиториям бар. ҚАЗАҚСТАН да қалыс қалмады, жоғары деңгейде қарсы алды» деп жазды әнші.