Елордадан шығатын жолдардың барлығы жабылды
Елордадан шығатын жолдардың барлығы жабылды
Елордада жел күшейіп, бұрқасын болуы салдарынан шаһардан шығатын жолдардың барлығы жабылды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.
Қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын автобустардың қозғалысы да шектелген. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жолдар жабылды. Ал Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, кеше Астана-Қорғалжын тасжолында қар құрсауынан 20 көлік шығарылып, 35 адам құтқарылған.