Жаңалықтар

Қытайда ел намысын қорғайтын боксшы қыздардың тізімі жарияланды

ашық дереккөзі

Қытайда ел намысын қорғайтын боксшы қыздардың тізімі жарияланды

Бокстан Қытайдағы ХІХ жазғы Азия ойындарына қатысатын боксшы қыздардың тізімі жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Ханчжоудағы бәсекеде ел намысын әйелдер арасында алты боксшы қорғайды: Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі). Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая алып шығады. Азия ойындарында 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Тура бір айдан кейін басталатын Азиаданы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.