Жаңалықтар

«AMANAT» фракциясының жетекшісі Кентаудағы 5 ЖЭО-да болды

ашық дереккөзі

«AMANAT» фракциясының жетекшісі Кентаудағы 5 ЖЭО-да болды

Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу барысында «AMANAT» фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс жөндеу жұмысының барысымен танысты. «Сайлау науқаны барысында партия Төрағасы Ерлан Қошанов жергілікті жылу электр орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін шешуге уәде берген еді. Бұл уәде партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, жаз мезгілінде нысанда жөндеу жұмысы басталды», - деді Е.Бейсенбаев.