Депутаттар Егіндікөлдегі су мәселесін шешуді қолға алды
Депутаттар Егіндікөлдегі су мәселесін шешуді қолға алды
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Егіндікөл ауылына барды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы жөнінде аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп, жұмыс жоспарын талқылады.
Нұра топтық су құбыры 15 тұрғыны бар 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді. Қорғалжын ауданының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қоржынкөл және Бауман ауылдарында ауыз су тапшылығы сезіліп отыр. Сондықтан 2 маусымда Егіндікөл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.