Жаңалықтар

Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесі табылды

ашық дереккөзі

Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8-і  кәмелет жасқа толмаған», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен. ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады. Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі өзенге демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Кеше 9-адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.