Мектеп, саябақ, көгалдандыру: тұрғындар Астананың бас жоспарын талқылауда
Мектеп, саябақ, көгалдандыру: тұрғындар Астананың бас жоспарын талқылауда
Елордада 2035 жылға дейінгі Астананың бас жоспары жобасы қоғамдық талқылауға салынды. Енді тұрғындар бас қаланың жобалық жоспарымен көрме арқылы танысып, өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады, деп хабарлады turkystan.kz.
Іс-шара барысында астаналықтар пікір-ұсыныстарын ұсынып қана қоймай, урбанистер және «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ мамандарымен кері байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, Президент әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алатынын, нақты нәтиже күтетінін баса айтқан еді.
«Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары әзірленіп жатыр. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Басты мақсат – елорда тұрғындарының пікірлерін, ойларын есту, ескеру. Бұл жұмыс 16 тамызда басталды. Әр айтылған ой-пікірлерді біздің сәулетшілер ортаға салып талқылап, қарастырады. Бас жоспарды талқылау жұмыстары әр ауданда жүргізіледі. Бірінші Сарыарқа ауданынан бастау алды. Ал қорытынды отырыс жұма күнге жоспарланған», - деді «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС директоры Руслан Жакупов.
Оның айтуынша, қоғамдық талқылаудан кейін бас құжатты қала мәслихаты, ал кейін мемсараптамадағы арнайы мамандар қарайды.
[caption id="attachment_231201" align="alignnone" width="1200"] Фото:liter.kz[/caption]
«Қазір біз Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын жобаладық. Құжатты қоғамдық талқылауға салып жатырмыз. Бас жоспарды жобалау барысында халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Соның ішінде ең бір өзектісі – көгалдандыру. Жалпы, Астана қаласының аумағының 43 пайызы жасыл аймаққа бөлінген», - деді «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтының» жетекші сәулетшісі Гүлшат Батчан.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қала сыртында полиорталықтар бой көтереді.
«Қалаға кіреберіс жерлерде полиорталықтар жобаланып отыр. Ол сырттан келген жүк көліктерін қала сыртында қалдыру мақсатында жасалып жатыр. Полиорталықтарда автокөліктерді қоятын тұрақ, қонақ үй, яғни қызмет көрсету орындары жұмыс істейтін болады. Бұл біріншіден, қала ішінде кептелісті болдырмау үшін, екіншіден, экологияны қорғау мақсатында жасалады. Сонымен қатар бас жобада қаланың дизайн-коды ерекше назарға алынды. Ғимараттардың қасбеттері бір жүйеге келтіріледі. Бірінші қабатта орналасқан коммерциялық кешендердің сыртындағы дизайнын бір стильде жасау жұмыстары қолға алынып жатыр. Талқылауда халықтың ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Түскен ұсыныстар жауапсыз қалмайды. Ал егер өзгертуге келмейтін жағдайлар болса, барынша түсіндіріп береміз», - деді ол.
[caption id="attachment_231203" align="alignnone" width="1280"]