Жаңалықтар

Президент БРИКС саммитіне қатысады

ашық дереккөзі

Президент БРИКС саммитіне қатысады

Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.