Қытайда құс тұмауынан 87 адам көз жұмды
Қытайда құс тұмауынан 87 адам көз жұмды
Қытайда құс тұмауы өршіп барады. Індеттің таралуы 2013 жылдан бері алғаш рет көбейген деп хабарлайды 24.kz.
Қаңтар айынан бері Қытайда H7N9 вирусын 260 адам жұқтырған. 87 адам көз жұмды. Осыдан кейін жергілікті билік елдің оңтүстік және орталық өңірлеріндегі құс базарларын жапты. Сондай-ақ тауарды тасымалдауға бақылау күшейтілді. Дегенмен сарапшылар билік дер кезінде әрекет етпеді деп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, індет адамға үй құстарынан жұғуы мүмкін. Оған қоса, құстарда аурудың белгілері бірден байқалмайды. Бірақ оны жұқтырған адам өте қатты ауырсынып, көбіне көз жұматын болған.