Жаңалықтар

Атыраудағы атышулы әйелдер мектебі жабылды

ашық дереккөзі

Атыраудағы атышулы әйелдер мектебі жабылды

Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС-нің қызметі тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. Себебі білім ұясының тиісті лицензиясы болмаған. Б.Майлин көшесінде орналасқан мектеп былтырғы оқу жылының басында ашылған. Ол 350 қызға есептелген. Мұнда балалар 1 - 4-сынып аралығында оқиды. Қыркүйектің ортасында оның рұқсатсыз жұмыс атқарғаны анықталды. «Қазірге дейін мектепте 117 қыз білім алған. Ол ескертуге қарамастан жұмысын жалғастырған. Ал былтыр 8 желтоқсанда мектеп директоры кінәлі деп танылып, айыппұл арқалады. Заңға сәйкес, ескерту алған мекеме жарты жылда лицензия алмаса, онда сот шешімімен жұмысы тоқтатылады» делінген хабарламада.