Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке көңіл айтып барды

ашық дереккөзі

Түркістан облысының әкімі қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке көңіл айтып барды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды, деп хабарлады turkystan.kz. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, әкім Сырдария өзенінде болған оқыс оқиға салдарынан қайғы жамылған әулеттің ата-анасына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, Құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді. Құтқарушылар мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай, мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр.