Жаңалықтар

«Қоштасу хатын қалдырған»: 24 жастағы қыз асылып тұрған жерінен табылды

ашық дереккөзі

«Қоштасу хатын қалдырған»: 24 жастағы қыз асылып тұрған жерінен табылды

Түркістан облысында 24 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақ болды. Оны түнгі уақытта екі тәртіп сақшысы құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz. Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлаған, деп жазды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барды. Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпады. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады. Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болды. Осылайша, олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және асүйде қоштасу хаты тұрғанын анықтаған. Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырды. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастады. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырды.