Дархан Қыдырәлі Telegram әлеуметтік желісінен арна ашты

22 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Дархан Қыдырәлі Telegram әлеуметтік желісінен арна ашты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Telegram арна ашты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. 
«Бүгін сіздерге айтар екі жаңалығым бар. Біріншісі, Telegram-арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын. Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз. Алғашқы шығарылымды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар», - деген министр.