Жаңалықтар

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамға қатысты жаңа дерек шықты

ашық дереккөзі

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамға қатысты жаңа дерек шықты

Түркістан облысы әкімдігі Сырдария өзенінде 11 адам қаза тапқан оқиғаның мән-жайын айтты деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап. Олар - бір отбасының мүшелері немесе тегі бір адамдар. Онда бірнеше ағайынды және олардың балалары болды. Туыстарының сөзінше, олар тойдан шығып, өзен жағасында демалуды ұйғарған. Жағалау өте терең, бірден терең жері басталады. Шамасы, біреуі суға бата бастады, ал басқалары оны шығарып алуға тырысып, батып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, олар бір-бірін құтқаруға тырысып, батып кетті. Тіпті, шомылуға үлгермеген, бәрінің үстінде киім болды. Бұл жер шомылуға арналмаған, - деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі. Айта кетейік, қазір судан 8 адамның денесі шығарылды, қалғандарын іздеу жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігінің, аудандық ТЖ, орман шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, еріктілер жіберілген. Еске салсақ, 21 тамызда сағат 17:40-та Түркістан облысы Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 км жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кетті. Қазір суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды, 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, демалыста 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған. ТЖД-да жедел штаб құрылды, жедел желі жұмыс істейді (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстауда.