Жаңалықтар

Ерлан Қошанов «АМАNАТ» партиясында азаматтарды қабылдады

ашық дереккөзі

Ерлан Қошанов «АМАNАТ» партиясында азаматтарды қабылдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері, «АМАNАТ» төрағасы Ерлан Қошанов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдады. Еліміздің әр өңірінің тұрғындары инфрақұрылымды дамытуға, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға қатысты және басқа да мәселелермен «AMANAT» партиясына жүгінді. Ерлан Қошанов партия филиалына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, жол құрылысына қажетті барлық жер телімін беру мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ қажетті қаражатты бөлуді жеделдету керек екенін айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңындағы өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып, ішкі туризмді дамытуға барлық жағдай жасауды тапсырды. Бұл орайда, аталған  мәселелер осы жолды жөндеуге тікелей қатысты болып отыр. Мұндағы жұмыс басталып та кеткен. Сондықтан бұл мәселені қысқа мерзімде шешу керек», – деді партия Төрағасы. Ал Ақтау қаласының тұрғыны Айсұлу Құрманғазиева мен күйеуі Жалғас Куватов кәсіпкерлікпен айналысып, сауда павильонын ашуды жоспарлап отыр. Екеуі де екінші топтағы мүгедек.