Жаңалықтар

Астаналықтар қаланың бас жоспарын талқылауға шақырылады

ашық дереккөзі

Астаналықтар қаланың бас жоспарын талқылауға шақырылады

Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырады, деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә. Мәмбетов көөшесі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады, - делінген Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында.