Жаңалықтар

ТЖМ «Қазақстан» шахтасындағы қазіргі ахуалды баяндады

ашық дереккөзі

ТЖМ «Қазақстан» шахтасындағы қазіргі ахуалды баяндады

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасындағы өрттің әлі жанып жатқанын және жағдай әлі жақсармағанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, Қазақстан шахтасындағы ахуал: авариялық қазбадағы өрт ошақтары әлі де жанып жатыр, жағдай жақсарған жоқ», - делінген ресми хабарламада. Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда. Еске салсақ, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 17 тамыз күні өрт шыққан еді. Апат кезінде шахтада 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адам жерге көтерілді. Өкінішке қарай, жер астында қалып қойған 5 кенші қаза тапты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.