Жаңалықтар

Бір әулеттің 11 адамы суға кетті: сегізінің денесі табылды

ашық дереккөзі

Бір әулеттің 11 адамы суға кетті: сегізінің денесі табылды

Түркістан облысында 11 адам өзенге батып кетті. Департаменттің мәліметінше, қайғылы жағдай Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болды, деп хабарлады turkystan.kz. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала болса, 6-сы – ересек. Қазіргі уақытта 11 адамның 8-інің денесі судан шығарылды, қалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушыларға іздестіру жұмыстарында қиындық туғызып жатқан жағдайлар: - өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр); - өзен астындағы құлаған ағаштар; - түнгі мезгілде су астындағы көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы.