Қар көшкінінен қаза болған әскерилер кімдер? Отбасына өтемақы төлене ме?
Қар көшкінінен қаза болған әскерилер кімдер? Отбасына өтемақы төлене ме?
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов бастаған үкіметтік комиссия «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында болған оқиға орнына келді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта комиссия қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсету мәселесін қарауда. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабына сәйкес әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай үлес көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған.
Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында қар көшкіні кезінде зардап шеккен және қаза болған әскери қызметшілердің аты-жөндері белгілі болды. Тізімді облыстық әкімдіктің сайты жариялады.
Зардап шеккендердің 8-і ауруханаға жатқызылған, 8 адам медициналық көмек алған соң үйіне қайтарылған, 7 адам қаза тапты.
17 ақпанда сағат 22:30-да Тараз қаласындағы 73928 әскери бөлімнің госпиталіне 16 адам жеткізілді. Оның ішінде ауруханаға жатқызылғандар:
1) капитан Б.Б. Пернебаев 1988 жылғы. — оң қабырғасының зақымдануы;
2) аға лейтенант Б.О. Аманбаев — 1990 жылғы — үсік шалған;
3) сержант 3 кл. Н.С. Мамыралиев 1985 жылғы — жабық бас сүйек жарақаты (ЖБСМЖ), миының шайқалуы (БМШ), кеудесінің оң жағы жарақаты, суық шалған;
4) ҚРҚК қызметкері А. Т. Жұмағалиев 1982 жылғы — жарақат, бел омыртқасының дисторсиясы;
5) ефрейтор М.Н. Орынбек 1993 жылғы — үсік шалған, сол жақ аяқтың ұзақ уақыт қысылып қалу синдромы;
6) ефрейтор Н.А. Жамалаев 1995 жылғы — көлденең жабық сынық L-1, L-3, L-4 сол жақ. Люмбалгиялық синдром, үсік шалған;
7) ефрейтор Д.С. Тұрысбек 1995 жылғы — үсік шалған;
8) қатардағы ш/қ Д. Құлжабаев 1991 жылғы — үсік шалған.
Медициналық қаралудан соң қайтарылғандар:
1) ефрейтор А.К. Еділбаев 1988 жылғы,
2) сержант Ж.М. Сүңгібаев 1983 жылғы,
3) ефрейтор Б.Б. Әсембеков 1993 жылғы,
4) сержант А.Б. Аюбеков 1993 жылғы,
5) сержант Х.С. Сағындық 1993 жылғы,
6) ефрейтор У.Қайырбекұлы 1994 жылғы,
7) ҚРҚК қызметкері Р.А. Балқыбеков 1989 жылғы,
8) қатардағы ш/қ Б.О. Түймебеков 1981 жылғы.
Оқиға орнында қаза болғандар:
1) кіші сержант М.Т. Қыдырбаев 1991 жылғы,
2) кіші сержант А.К. Ерісбаев 1992 жылғы,
3) қатардағы ш/қ Т.К.Кеңесов 1993 жылғы,
4) кіші сержант А.Ж. Аралбаев 1988 жылғы,
5) қатардағы ш/қ Н.К. Шәкен 1995 жылғы,
6) ефрейтор, М.Б. Тұрысмағанбетов 1991 жылғы,
7) аға лейтенант А.К. Мошабаев 1991 жылғы.