Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында бәйге өтті
Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында бәйге өтті
Бүгін Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай асыл тұқымды жылқылары арасында кезекті бәйге өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бәйге Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы мен Республикалық «Бәйге» федерациясынының ұйымдастыруымен болды.
Аламан додаға отызға жуық жылқы қатысып, жарыс көркін қыздырды.
Аталмыш жарысқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ғауез Нұрмұхамбетов пен Сергей Карплюк, сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады.
Ұшқыр бәйге 2400 м. «Запуск» жүлдесі:
1-орын «Нұржайна» тұлпары, шабандозы және бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі – Қабажаев Айбат (Қостанай облысы);
2-орын «Сардар» тұлпары, шабандозы – Өтеген Қуаныш, бапкері – Омаров Жанат, ат иесі – Сапашов Алишер (Қостанай облысы);
3-орын «Замандас» тұлпары, шабандозы – Харитонов Тимур, бапкері – Белдібаев Ескендір, ат иесі Әбдірахманов Нұрбол (Қостанай облысы).