Жаңалықтар

Павлодарда жол апатынан 6 адам зардап шекті

ашық дереккөзі

Павлодарда жол апатынан 6 адам зардап шекті

Павлодарда екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 20.30 шамасында Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 97/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы  Lada Granta  және Mercedes маркалы автокөліктер соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жолаушылары – екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ екінші  көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.