2024 жыл АЕК мөлшері қанша болады?
2024 жыл АЕК мөлшері қанша болады?
Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы әзірлеген заң жобасында 2024 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған деп хабарлады turkystan.kz.
Заң жобасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;
Айта кетейік, Қазақстанда АЕК жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай -ақ республика заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады. 2023 жылы АЕК мөлшері 3450 теңге болған еді.