Алматы тауларында адасқан туристер табылды
2023 жылғы 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристі тапты.
Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.