Кеншілер зейнетке ерте шығатын болды
Кеншілер зейнетке ерте шығатын болды
Қазір Қазақстанда кеншілерге зейнетке ерте – 55 жаста шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысына сапары барысында белгілі болды. Кеншілердің зейнет жасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендетіледі.
Смайылов Қарағанды облысына "Қазақстан" кенішіндегі апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасы мүшелерімен кездесу үшін келді.
Премьер-министр Әлихан Смайылов “ArcelorMittal” компаниясының инвесторы Лакшми Митталдың елде одан әрі қала алмайтынын айтты.
Бұған дейін Энергетика министрлігі "Арселор Миттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-нің күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексеру нәтижелері туралы хабарлаған болатын.