Жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны 11 күннен бері табылмай жатыр

ашық дереккөзі

Қызылорда тұрғыны 11 күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 32 жастағы азамат 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған. «Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.