Судья сотталушыдан іс жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыру емес, басқа жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Антикор мәлімдемесінде.