Жаңалықтар

20 тамыз «Арселор Миттал Теміртауда» қаралы күн болып жарияланды

ашық дереккөзі

20 тамыз «Арселор Миттал Теміртауда» қаралы күн болып жарияланды

20 тамыз «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz компания сайтына сілтеме жасап. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті. «Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі. Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады», - деді ол.