«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды

19 тамыз, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
«Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды «Қазақстан» шахтасында бесінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Қаза тапқан кеншілердің аты-жөні: 1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл; 2. Халиков Артур Ринатович, 1994 ж.т., 4 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл; 3. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; 4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл; 5. Старовойт Илья Александрович, 1996 ж.т., 3 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 4 жыл.
«17 тамызда Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өрт болып, салдарынан 5 әріптесіміздің қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз», - делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның сайтында.