Маңғыстауда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 4 мектеп салынып жатыр
Маңғыстауда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 4 мектеп салынып жатыр
Маңғыстау облысында жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр.
"Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп, 18 шағын ауданда 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салынады. Осы аудандағы Қызылтөбе ауылдық округінде "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында да 1200 орындық мектеп бой көтереді", - дейді Маңғыстау облысының білім басқармасындағылар.
Ведомство ақпаратынша, білім ошақтары 2024 жылы пайдалануға беріледі.