Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасынан тағы бір кеншінің денесі табылды

ашық дереккөзі

«Қазақстан» шахтасынан тағы бір кеншінің денесі табылды

«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.