Жаңалықтар

«Арселор Миттал Теміртау» қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады

ашық дереккөзі

«Арселор Миттал Теміртау» қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін 222 адам жер бетіне шығарылып, үш адамның мәйіті табылды. «Үлкен өкінішпен, қайғымен мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз: 1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл; 2. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл; 3. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл; Екі шахтерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.