Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» шахтасындағы жедел штаб жұмысымен танысты

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» шахтасындағы жедел штаб жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT»партиясы фракциясының мүшелері Арман Қалықов, Кұдайберген Бексұлтанов пен Никита Шаталов «Қазақстан»шахтасындағы жағдаймен және жедел штаб жұмысымен танысты. Мәжілістегі партия фракциясы алғашқы сағаттан-ақ жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Халық қалаулылары қайғылы оқиға орнында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ өкілдерімен келіссөз жүргізді, сондай-ақ қаза тапқан және жоғалып кеткен шахтерлердің отбасыларымен және кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

«Мен осы Шахтинск қаласында 45 жыл өмір сүріп, аталған  компанияда 27 жыл жұмыс істедім. Осы және осыған дейінгі апаттар көз алдымда болды. Бұл – үлкен қасірет. Мұндай апаттар үнемі қайталанады. Мемлекет пен уәкілетті органдар тарапынан бақылауды күшейтетін кез келді. Себебі көмір өнеркәсібі Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең қауіпті сала саналады. «AMANAT» партиясы тергеуамалдарын жіті қадағалап, қаза тапқандар мен олардың отбасылары үшін әділдікорнатады», – деді Мәжіліс депутаты Арман Қалықов.