Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ресми сапармен Вьетнамға барады

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы ресми сапармен Вьетнамға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Вьетнам елінің басшылығымен келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіп нысанын аралап көріп, Вьетамның ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.