Туысының үйіне қонаққа барған 66 жастағы ер адам көз жұмды
Туысының үйіне қонаққа барған 66 жастағы ер адам көз жұмды
Ақмола облысында 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.