Жаңалықтар

«Қазақстан» шахтасында зардап шеккен 2 жұмысшы әлі іздестіріліп жатыр

ашық дереккөзі

«Қазақстан» шахтасында зардап шеккен 2 жұмысшы әлі іздестіріліп жатыр

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта зардап шеккен екі жұмысшыны іздестіріліп, жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ қазбаны салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды. Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.