Жаңалықтар

Бүгін еліміздің батысында қатты ыстық болады

ашық дереккөзі

Бүгін еліміздің батысында қатты ыстық болады

Қазгидромет 19 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz. Жоғары қысым алқабының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарында фронтальды бөлімдер өтуімен, найзағаймен қоса өткінші жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел болжанады, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық болады. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.