Жаңалықтар

«Айлық табысым – 15 миллион»: 19 жастағы жігіт үй жинап, үйіп ақша тауып жүр

ашық дереккөзі

«Айлық табысым – 15 миллион»: 19 жастағы жігіт үй жинап, үйіп ақша тауып жүр

Соңғы жылдары елімізде клининг қыз­меті кеңінен таралып, табысты бизнестің түрі­не айналды. Нұрхан Нұрмаханбетов жо­ғары оқу орнында IT мамандығы бойын­ша білім алған. Бірақ оқуынан бос уақытта қо­сымша табыс табуды жөн көрген жас кә­сіп­кер бүгінде жеке клининг компания­сын ашқан. Ол бұл туралы aikyn.kz басылымына айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.  «Студент кезімде Тараз қаласындағы қы­мызханада да жұмыс істедім. Ал 2018 жы­лы Алматы қаласындағы бір клининг ком­панияға жұмысшы болып кірдім. Са­бақ­тан бөлек, 3 ай демалысымда сол жерде 3 жыл жұмыс істедім. Сол кезде клининг қыз­метіне деген халықтың сұранысының ар­тып келе жатқанын көріп, «неге жеке ком­пания ашпасқа?» деген ой келді. Бір жа­ғынан, тазалықты жаным сүйеді. Екінші жағынан, бақ пен береке тазалық болған жерде болады. Қазір командамда 100-120 қыз­меткер бар. Клининг саласындағы білі­мімді жетілдіру үшін 2020 жылы Ресейден қо­сы­мша білім де алдым. Кейін коман­дам­дағы қызметкерлерді де сол жақта білім алу­ға жібердім. Себебі үй тазалау үшін де кә­сіби білім керек. Клининг қызметін аша­мын деген адам ең бірінші жанына сенімді, ең­бекқор команда жинай алуы тиіс. Сосын тап­сырыс берушілермен тығыз қарым-қа­тынас орнатуы қажет. Мен командаға апта сайын тренинг өткіземін. Бір үйді тазалауға 6-7 сағат кетеді», – дейді Нұрхан Нұрмахан­бетов. Кейіпкеріміздің айтуынша, пәтер, кең­се тазалауға тапсырыс берушілер гипоал­лер­генді заттардың болғанын қалайды. Үй жануарларын асыраушылар арнайы иіс ке­тіретін, тазартатын құралдарға тапсырыс бере­ді. Сонымен қатар мамандарды оқы­тып, қай жұмысқа қандай химиялық затты пай­далануды білетіндей деңгейге жеткізу – та­быс­ты бизнестің көзі. Клинер тапсырыс түрі­не қарай қолданылатын құралдарды өзі біліп, таңдап, орынды істей алатын дәре­жеге жетуі керек.