«16 тамызда Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған. Қарт адам туыстарына қонаққа барған», - деді полициядан.Қазір полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.