Жаңалықтар

«Күн суытады»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

«Күн суытады»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 жылуға дейін төмендейді деп болжанады.