«AMANAT» кеңесінде өңірдің түйінді мәселелері талқыланды
«AMANAT» кеңесінде өңірдің түйінді мәселелері талқыланды
«AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестердің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында кәсіпкерлік саласына қатысты өңірлерде қордаланып қалған түйінді мәселелер талқыланды.
«Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі мәселелерді тез арада шешу, оған ықпал ету және «Халықпен бірге!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы. Осы күнге дейін 10 өңірді тыңдадық. Бүгінгі жиынмен 13 өңір болады. Сол өңірлердің ішінде бірталай кәсіпкерлер сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 150-ден астам сұрақ қойылды. Олардың ішінде 1/3 шешімін тапты. Ал шешілмеген мәселелердің реестрі құрастырылып, қыркүйек айында Партия жетекшісі, Үкімет басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтеді. Сол жиында ол мәселелер көтерілетін болады», - деді Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
Қарағанды, Ұлытау, Алматы және Павлодар облыстарының депутаттары мен кәсіпкерлері министрлік өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.