Балаларды жарқын болашаққа шабыттандырайық!
Балаларды жарқын болашаққа шабыттандырайық!
Балалар үйі тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру акциясы
18 ақпанында Астана қаласында «Астана Марриотт» мейманханасында «Балаларды жарқын болашаққа шабыттандырайық!» атты кәсіби бағдарлау іс-шарасы өткізіледі. Мұнда Ақмола облысында орналасқан төрт балалар үйінің 200-ге жуық балалары қатысады.
Іс-шара шеңберінде танымал қоғам қайраткері Саясат Нұрбекпен кездесу ұйымдастырылады, сонымен қатар жасы 12-ден асқан балаларға Астананың жетекші компанияларына кәсіби бағдар экскурсиялары өткізілсе, жасы 12-ден кіші балалар үшін мастер-класстар ұйымдастырылмақ.
#bfkinspiration іс-шарасы балалар үйі жеткіншектерін қолдап, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауын көздейді. Басты серіктестеріміз: HyundaiAutoAstana, Корпоративный Университет BI Group, TulipMedicine, Алишер Ешенкул сән салоны, «2ГИС» ЖШС, Оқушылар сарайы, Атом энергетикасы бойынша ақпараттық орталық, MegaLabPositive киномектебі, Family аулы клубы, «Гравитация» батут бағы, «Сан Адам» ҰK, DreamPark, Асату-да кафесі, Пельмен отбасылық кафесі, «Hotel Development Company», KeruenHostel, «Интер Люкс» компаниясы мен Mollis кофеханасы.
«Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мұндай ауқымды іс-шара тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Мақсаты - балалардың жаңа дағдылары мен білімдерін дамытып, уәждемесін күшейту. Акция - балалар үйі жеткіншектерін әлеуметтік бейіндеу мен өмірде өз бетімен күн көруге даярлау іс-шараларының бір бөлігі болып қана табылады», - дейді «BestforKids» қоғамдық қорының директоры Сая Каким.
Іс-шараны ұйымдастырушы – «Best for Kids» қоғамдық қоры, қолдаған: «MarriottHotelAstana», «Hotel Development Company», «Хан Керей» және «Интерия» мейрамханалары.
«Best for Kids» қоғамдық қорының қызметі, «Ақмола облысы балабақшаларында тәрбиеленуші балаларды әлеуметке бейімдеу» жобасын іске асыру мақсатымен еріктілер жұмысы негізінде жүзеге асырылады. Астана қаласының белсенді жастары, 4 балабақшада тәрбиеленуші балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, балалардың, сондай-ақ Астана қаласында оқып жатқан түлектердің жетекшілік және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған Қордың іс-шараларын ұйымдастыруға тікелей қатысады.