Шахтада қаза тапқан үшінші жұмысшының денесі табылды

18 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Шахтада қаза тапқан үшінші жұмысшының денесі табылды «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
 «Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.
Көмекке мыналар кіреді: Еске салсақ, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды. Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті. 5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін 2 адамның денесі табылғаны туралы хабарланды. Артынша екеу емес, бір жұмысшының денесі табылғаны айтылды. Себебі мәйіт табылған жерге екі жақтан екі іздестіру тобы барған. Әрқайсысы өз есебін жібергендіктен, бір емес, екі мәйіт табылғаны туралы қате ақпарат тарап кеткен. Қазір қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Полиция аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.