Шахтада зардап шеккен кеншілер туралы ақпарат жарияланды
Шахтада зардап шеккен кеншілер туралы ақпарат жарияланды
Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрттен зардап шеккен 18 кенші бірнеше ауруханада ем-дом алып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 9 кенші жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінен токсикологияға ауыстырылды. Дәрігелердің айтуынша, пациенттердің жағдайы ауырлау, бірақ есін біліп жатыр. Диагноз – жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатия. Кеншілер иістен қатты уланып қалды.
«Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Орташа ауырлық дәрежесі, жағдайлары бірқалыпты», - дейді мамандар.
Ал Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт кенші түсті. Біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартса, қалғандары ем-дом алып жатыр. Тағы біреуі амбулаториялық ем алу үшін үйге жіберілді.
18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 11 кенші бар.